«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау
басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Коммунальное государственное предприятие на праве
хозяйственного ведения «Областной центр крови»
коммунального государственного учреждения «Управление
здравоохранения акимата Северо-Казахстанской области»

Қан тапсыр да, өмірді құтқар!

Жұмыс тәртібі: Дс-Жм 08:00-ден 17:00-ге дейін
Донорларды қабылдау:

Дс-Жм сағат 08:00-ден 13:00-ге дейін, Сн-Жс — демалыс

Қабылдау бөлімі: 8(7152)46-57-97
Қан орталығының тіркеу орны: 8(7152)46-75-86
Медициналық қызметтерді тұтынушыларды қолдау қызметі: 8(7152)46-08-35

E-mail: Blood_zdrav@sqo.gov.kz
Петропавл қаласы,  Театральная көшесі, 56

Донорлық бағдаршам
O (I) A (II) B (III) AB (IV)
Rh+ Rh- Rh+ Rh- Rh+ Rh- Rh+ Rh-
 
Берілген топтағы қанның қоры және резус факторы жеткілікті мөлшерде.
 
Қанның қоры жеткіліксіз, толтыру үшін келу қажет.
 
Қан қоры ең төмен шекке жетті.

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Құпия ақпаратты қорғау ережелері

Құпия ақпартты қорғау ережелері

 

         Құпия ақпаратты қорғау – кейбір ақпараттарды міндетті түрде орындау үшін рұқсат алған тұлғалармен, оның иесінің келісімінсіз мәліметтерді үшінші адамға бермеу талабы қойылады.

         «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК пациенттің жеке өміріне араласпауды және қызметкерлер туралы ақпараттардың құпиялылығын қамтамасыз етугетырысады. Оларға қағаз және электрондық тасымалдағыш ақпараттар, сондай-ақ ауызша нысанда берілетін ақпараттар жатады.

Құпия ақпаратты қорғаудағы мақсат – пациенттің құқығын, Орталық кәсіпорынның экономикалық және құқықтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады және дәрігерлік және қызметтік құпиялардан тұрады.

         Дәрігерлік құпия – бұл донордың/пациенттің медициналық көмекке жүгіну фактісін, тестілеу нәтижелерін және басқа да денсаулық жағжайы мен тексеру нәтижесінде алынған және қан донорлығы туралымәліметтер мен жеке өмірі туралы мәліметтерін жайып салуға жатпайды.

         Дәрігерлік құпияны:

- донордың/пациенттің тестілеу нәтижелері туралы ақпарат;

- донордың/пациенттің денсаулық жағдайы туралы және тексеру нәтижесінде алынған  және қан донорлығы туралы ақпараттар құрайды.  

Донордың/пациенттің тестілеу нәтижелері және денсаулық жағдайы туралы ақпарат тек донорға/поциентке немесе оның отбасы мүшелеріне донордың/пациенттің рұқсатымен ғана беріледі. Кәмілетке толмаған пациенттерге қатысты пациенттің денсаулығы туралы ақпарат оның ата-анасы немесе заңды өкіліне беріледі. Медициналық құжаттамалардағы ақпарат дәрігерлік құпияны құрайды және пациенттің келісімінсіз заңнамалық актілерде қарастырылған  негіздер бойынша берілуі мүмкін.

Медициналық қызметкердің кәсіптік немесе қызметтік қажеттіліксіз донорды/пациентді тестілеудің сырқаты нәтижелері туралы мәліметтерді жария етуі айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айруға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына жазаланады. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып не онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. (ҚР 1997ж.16.07-дегі №167-1 Қылмыстық кодексінің 144-бабы, 2014 жылғы 10 маусымдағы берілген өзгерістер мен толықтырулармен. 2011ж.18.01. ҚР №№ 393-IV Заңының редакциясында баяндалған.) 

         Дәрігерлік құпия болып табылатын мәліметтер заңмен белгіленген тәртіпте берілген тұлғалар, медициналық қызметкерлерімен қатар азаматқа келтірілген залал есебімен, дәрігерлік құпияны жайғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

         Қызметтік құпия. Кәсіпорынның  қызметтік құпиясын кез келген, оның ішінде қызметтік хат жазысу мазмұны, телефонмен келіссөз жүргізу, поштамен жөнелтулер, телеграфтық және басқа да электрондық желі және пошта байланысы бойынша таратылатын мәліметтер, ОҚО қызметкеріне еңбек міндеттері жүктемесін орындауына байланысты белгілі болған мәліметтер болып табылады.

Қызметтік құпия сондай-ақ мемлекеттік құпия құрамына енетін мәліметтері бар, жайылып кетуі немесе жоғалуы мемлекеттің ұлттық мүдделеріне, мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының ұйымдарының мүддесіне залал келтіруі мүмкін.

«Құпия», «Қызметтік пайдалу үшін» белгісімен ОҚО қызметі туралы ақпарат, тасмалдаушыда мазмұндалған ақпараттың құпиялық деңгейі туралы куәландыратын және тасмалдаушыда және (немесе) оған ілеспелі құжаттамаларда ұсынылатын реквизиттер болып табылады. 

Мұндай ақпаратты заңсыз әдiстермен алған адамдар сондай-ақ еңбек шартына қарамастан қызметшiлер немесе азаматтық-құқықтық шартқа қарамастан контрагенттер қызметтiк немесе коммерциялық құпияны жария етсе, келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi. (ҚР 1994ж.27.12-дағы Азаматтық Кодексінің 126-бабы (Қызметтік және коммерциялық құпия) (2018ж.01.01-дағы берілген өзгерістер мен толықтырулармен).

         Құпия электрондық құжаттарға рұқсаты бар қызметкерлер өзінің лауазымдық міндеттерін атқару барысында, файлдарға пароль енгізу жолымен ақпаратты қорғауға міндетті.

Қызметтік құпияға кәсіпорынмен өздігінен немесе оның келісімімен таратылған ақпараттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жол берілмейтін, кіруге шектелетін басқа да ақпараттар жатпайды. 

 

Орталықтың құпия ақпаратын сақтау

 

Қәсіпорынның құпия ақпаратын сақтауды үшінші тұлғаларға ақпараттың құпиялылығына кіруді шектеуге бағытталған, құпия ақпараттарды санкцияланбаған таратудың бетін қайтару, ОҚО құпия ақпараттарының тәртібінің бұзушылығын анықтау, құпия ақпараттарды бұзу тәртібінің жолын кесу, құпия ақпарат тәртібін бұзатын тұлғаларды белгіленген жауапкершілікке тарту жиынтық шараларды қабылдауды құрайды.

Кәсіпорын қызметкерлерімен жасасқан еңбек шарттарының міндетті талаптары қызметкермен дәрігерлік, қызметтік құпияларды сақтау туралы шарт болып табылады.

Құрамдас бөлімшелердің басшылары тікелей бағынбайтың қызметкерлер арасында дәрігерлік және қызметтік құпия тәртібін сақтау жөнінде оларға тоқсанына бір реттен кем емес нұсқаулық өткізуге міндетті. Жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкер жұмысқа қабылданған кезде нұсқаулықтан өтеді. Өткізілген нұсқаулық туралы деректер арнайы журналға жазылады.

 

Оратлықтың құпия ақпараттарын пайдалану және ұсыну тәртібі

 

Кәсіпорынның құпия ақпаратын пайдалануға ОҚО тек қана өзінің функцияларын атқаруға қажетті ақпараттарға рұқсат берілген қызметкерлері жіберіледі.

Кәсіпорынның құпия ақпараттары үшінші тұлғаларға ОҚО директорының санкциясымен ғана ұсынылуы мүмкін.

Кәсіпорынның құпия ақпараттарының тәртібін бұзған кінәлі тұлғалар белгіленген тәртіпте қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік, және азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылады. 

Мақалың шыққан күні: 08.01.2018 14:19

Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.09.2023 09:49

A- A A+