Сайтқа авторландыру
Шылым шегудің зияны туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы
Астана, Үкiмет үйi 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1367
Темекi бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындарда орналастырылатын темекi шегудiң зияны туралы ескертудi бекiту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнiң 159-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
- Қоса берiлiп отырған темекi бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындарда орналастырылатын темекi шегудiң зияны туралы ескерту бекiтiлсiн.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Бекiтiлдi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2011 жылғы 22 қарашадағы
№ 1367 қаулысымен
Темекi бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындарда орналастырылатын темекi шегудiң зияны туралы ескерту
1. Темекi бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындарда орналастырылатын темекi шегудiң зияны туралы ескертудi темекi бұйымдарының көтерме және бөлшек сауда қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың орындауы мiндеттi болып табылады.
2. Темекi бұйымдарының көтерме және бөлшек саудасын жүзеге асыратын орындарда орналастырылатын темекi шегудiң зияны туралы осы ескерту (бұдан әрi — Ескерту) темекi шегудiң зияны туралы сурет пен жазудан тұрады.
3. Сурет осы Ескертуге қосымшаға сәйкес болуы тиiс.
4. Жазулардың мәтiнi мынадай талаптарға сәйкес болуы тиiс:
- екi тiлде басылуы тиiс: жоғарғы жағында — мемлекеттiк тiлде, төменгi жағында — орыс тiлiнде;
- Ескертудiң негiзгi төменгi бөлiгiнiң 20% (жиырма пайызын) алып жатуы тиiс;
- қарiптердiң атауы — тiлге сәйкес Helvetica kz және Helvetica;
- қарiптiң көлемi — 20 пт;
- бағыты — төменгi жиегiне қатарластыра, солдан оңға қарай;
- түсi — қара, СMYK C52.M41.Y40.K100 спектрi.
5. Темекi бұйымдарының көтерме және бөлшек саудасын жүзеге асыратын орындардағы орналастырылатын Ескерту келесi талаптарға сәйкес болуы тиiс:
- орналасу алаңы — А4 форматы және одан үлкен;
- еденнен кемiнде 150 см және 200 см аспайтын деңгейде орналасу;
- сауда орнына тiкелей жақын жерде орналасу.
6. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган осы Ескерту алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк төрт күннен кешiктiрмей ескертудiң электрондық нұсқаларын www.mz.gov.kz сайтында орналастырады.
Темекi бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындарда орналастырылатын темекi шегудiң зияны туралы ескертуге қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы
Астана, Үкiмет үйi 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1368
Темекi мен темекi бұйымдарын өндiрушiлердiң және импорттаушылардың есептердi ұсыну қағидаларын бекiту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнiң 159-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
- Қоса берiлiп отырған Темекi мен темекi бұйымдарын өндiрушiлердiң және импорттаушылардың есептердi ұсыну қағидалары бекiтiлсiн.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Бекiтiлдi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2011 жылғы 22 қарашадағы
№ 1368 қаулысымен
Темекi мен темекi бұйымдарын өндiрушiлердiң және импорттаушылардың есептердi ұсыну қағидалары
- Осы Темекi мен темекi бұйымдарын өндiрушiлердiң және импорттаушылардың есептердi ұсыну қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) темекi және темекi бұйымдарын өндiрушiлердiң және импорттаушылардың есептердi ұсыну тәртiбiн анықтайды.
- Осы Қағидалар темекi және темекi бұйымдарын өндiру және импорттау бойынша қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
3. Осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес темекi бұйымдарын өндiрушi, импорттаушы темекiнiң және темекi бұйымдарының барлық таңбаларында никотиннiң және шайырлы заттардың рұқсат етiлетiн шектi құрамы бойынша зертханалық зерттеулердiң нәтижелерi туралы, өткен он екi айда Қазақстан Республикасының аумағында өздерi шығарған немесе шығаруға ниет еткен, сатқан немесе өзге де жолдармен таратқан темекi бұйымдарының ингредиенттерi туралы есептердi жыл сайын келесi жылдың 1 ақпанына дейiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органға табыс етуге тиiс.
4. Ұсынылатын есептер мынадай екi бөлiктен тұрады:
- зертханалық зерттеулердiң нәтижелерi туралы есеп;
- темекi бұйымдарының ингредиенттерi туралы есеп.
5. Зертханалық зерттеулердiң нәтижелерi туралы есеп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген, стандартталған әдiстердiң негiзiнде зерттеулер жүргiзген зертхананы көрсете отырып, темекi және темекi бұйымдарының барлық маркаларында шайырлы заттар мен никотиннiң шектi рұқсат етiлген деңгейiнен тұруы тиiс.
6. Ингредиенттер туралы есепте мыналар болуы тиiс:
- өндiрiлетiн және импортталатын темекi бұйымдарының әрбiр түрi бойынша темекiге қосылатын ингредиенттер атауларының жиынтық тiзiмi. Тiзiмде әрбiр ингредиенттiң темекi массасына қатынасы бойынша пайыздағы ең көп үлесi көрсетiледi;
- темекi өнiмдерiнiң әрбiр атауы бойынша темекiге қосылатын ингредиенттер атауларының тiзiмi, егер мұндай ингредиенттердiң үлесi темекi бұйымының массасына қатынасы бойынша сигарет, папирос және шегетiн жiңiшкелеп кесiлген темекi үшiн 0,1 пайыздан және темекi бұйымдарының өзге түрлерi үшiн 0,5 пайыздан аспаса. Үлесi сигарет, папирос және шегетiн жiңiшкелеп кесiлген темекi үшiн 0,1 пайыздан және темекi бұйымдарының өзге түрлерi үшiн 0,5 пайыздан аспайтын ингредиенттердiң болуы тiзiмде «хош иiстендiргiштер» деген сөзбен белгiленедi;
- темекi емес материалдардың құрамындағы ингредиенттер атауларының тiзiмi. Темекi бұйымының темекi емес материалдарының құрамына кiретiн ингредиенттер олардың құрамындағы темекi емес материалдардың санаттары бойынша көрсетiледi.
7. Темекi бұйымы массасының ингредиенттерi туралы есептi дайындау кезiнде, бiр дана темекi бұйымының (сигарет, сигара, сигарилла (сигарита), папирос, биди, кретек) бiр бiрлiгiнiң (ылғалдылығын ескере отырып) салмағы, шегетiн жiңiшкелеп кесiлген темекiнiң 750 миллиграмы, өзге темекi бұйымдарының (кальянға арналған темекi, түтiк темекiсi, шекпейтiн темекi бұйымдары) 1 граммы есептеледi. Темекi бұйымындағы ингредиенттiң үлесi рецептураға (өзiндiк ерекшелiкке) сәйкес есептеледi.
8. Зертханалық зерттеулердiң нәтижелерi туралы және темекi бұйымдарының ингредиенттерi туралы есептер қағаз және/немесе электрондық нұсқаларда ұсынылады.
Мақалың шыққан күні: 11.09.2017 12:19
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.03.2023 15:48