Сайтқа авторландыру
Қан орталығының саясаты
Қан орталығының саясаты
«Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК басшылық пен қызметкерлер өз ұйымының белгіленген талаптарын сақтай отыра дайындалған қан компоненттерін жеткізуші ретінде, олардың қауіпсіздігі жеткілікті қоры, сондай-ақ оларды дұрыс және тиімді қолдану міндеттері мен рөлін толық түсінетіндігін көрсететін Саясат әзірленді және бекітілді.
Ұранымыз: «Компоненттің сапасы – біздің мақсатымыз және жауапкершілігіміз!».
Миссиямыз: «Орны толмайтын қан кетусіз әлем!»
Саясаттың мақсаты
Донорлық қан мен оның компоненттерін дайындау аймағында талап етілетін сапа деңгейін қолдау және қалыптастыру үшін қажетті техникалық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын қамтамасыз ету;
Міндеттері:
Басшының негізгі міндеттері:
- Сапалы және қауіпсіз донорлық қан компоненттерін шығару бойынша стандарттардың және заңдардың талаптарын орындау;
- Тұтынушының қажеттіліктерін анықтау және орындау;
- Өнімнің сапасына әсер ететін, орындайтын қызметкерлердің жұмысы алған білімі, дайындығы, дағдылары мен тәжірибесіне сәйкес білікті болуын қамтамасыз ететін жағдай жасау;
- Сапа саласындағы мақсаттарға жету үлесі және оның қызметінің маңыздылығы мен өзектілігі туралы ұйым қызметкерлерінің хабардар болуын қамтамасыз ету;
Қағидалары:
- Қолайлы жұмыс жағдайын ықпал ететін тиімді мәселелерін анықтау және оларды шешу, үздіксіз сапасын жақсартуды қамтамасыз ететін бірыңғай команда болып жұмыс істеу;
- шығарылатын өнімнің сапасына әсер ететін техникалық, әкімшілік және адам факторларын үйлестіруді жүзеге асыру;
- Үнемі өзін-өзі бағалау және ішкі сапасын тексеру;
- Оның сапасын жақсарту мақсатында өнімді тұтынушылармен тұрақты байланыста болу;
- Талап етілетін сапаны қамтамасыз ету тұрғысынан ұйымдарда даулы мәселелерді шешуді өткізу;
Саясатты жүзеге асыруға қатысты қызметкерлерге міндеттемелер:
- Басшылық баяндалған қағидаларды мүлтіксіз сақтауға және соған барлық қызметкерлерді тартады.
- Біздің тұтынушыны мойындау және барынша қанағаттандыру мақсатымен әрбір қызметкер, директордан бастап жұмысшыға дейін орындаған жұмыстың сапасына жауап береді.
Біздің құндылықтар
Қызмет көрсетушілерді тұтынушылар
Тұтынушы - бұл фокус және біздің барлық қызметтіміздің көрсеткіші, біздің серіктесіміз.
Біздің клиенттеріміз, әріптестеріміз ең сыпайы, ілтипатты және жауапты қарым-қатынасқа лайық.
Қызметкерлер
- Біз бір-бірімізді қолдап, командада жұмыс істеуге қабілеттіміз, өйткені біздің ұйымның жетістігі əрбір қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді;
- Біз өз жұмысымызға жауаптымыз, себебі тұтынушылардың сенімі ол біздің ең құнды қол жеткізуіміз;
- Біз біліктілігін арттыруға ұмтылуға, ұйымда жұмыс істегеннен қуаныш алуға, шығармашылыққа және ізденіске жағдай жасаймыз;
- Біз ұйымның тиімділігін арттыруға бағытталған кез келген деңгейдегі басшыларымен қызметкерлердің алуан проблемаларды еркін талқылауды, идеялармен алмасуды, өзара іс-әрекетін қолдаймыз.
Сапасы
- Біз тұтынушылардың адалдығы мен құрметін қамтамасыз ете отырып, бізбен дайындалатын компоненттердің қауіпсіздігі мен сапасына қамқорлық танытамыз.
- Біздің сапамыз: дайын өнімде, оның қауіпсіздігінде, оны мерзімінде жеткізуде және тұтынушылармен өзара қарым-қатынаста.
Мақалың шыққан күні: 24.03.2017 17:36
Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.09.2023 09:50