Сайтқа авторландыру
Қан орталығы сіздерді Халықаралық сүйек кемігі доноры күніне арналған жалпыреспубликалық шығармашылық байқауға қатысуға шақырады.
5–11 сынып оқушыларына арналған байқау!
Қан орталығы сіздерді Халықаралық сүйек кемігі доноры күніне арналған жалпыреспубликалық шығармашылық байқауға қатысуға шақырады.
Не істеу керек?
Ашық хат жасау — бұл сурет, аппликация, коллаж немесе аралас техникада орындалған жұмыс болуы мүмкін. Ең бастысы — басқа адамдарға өмір сүруге үміт сыйлаған донорларға алғыс білдіру.
Жұмыстарды тапсыру орны: Петропавл қ., Театральная көшесі, 56, Қан орталығының тіркеу орны.
Міндетті түрде ашық хатты толтырыңыз: аты-жөніңіз, мектебіңіз, сыныбыңыз және байланыс нөміріңіз.
Жұмыс қабылдау - 8-15 қыркүйек аралығында
Қан орталығының Instagram-дағы онлайн дауыс беру - 15-18 қыркүйек аралығында
Финал мен марапаттау рәсімі — 19 қыркүйек. Бұл күні барлық ашық хаттар көрмесі мен жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтеді.
Ең үздік үш автор диплом мен естелік сыйлықтар алады. Әрбір қатысушыға сертификат табысталады.
Мүмкін, дәл сіздің ашық хатыңыз сүйек кемігі донорларына деген алғыс символына айналар!

08.09.2025
Қараулар: 12