Сайтқа авторландыру
Даму жоспары мен стратегиясы
Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК қызметі «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасының 2016-2020 жылдарға арналған Қан қызметін дамыту тұжырымдамасын орындауға және облыс халқына сапалы және қолжетімді трансфузиялық көмек ұсынуға бағытталған. Белгіленген ДСҰ-ға кіру перспективасымен, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау жүйесіне арналған негізгі міндетті, атап айтқанда, денсаулық сақтау ісінде ұйымдастыру мен басқарудың халықаралық стандарттарына көшуді айқындап берді.
Қазақстан Республикасының Солтүстік аймағы қан қызметінің одан әрі дамуының негізгі бағыттарын анықтау мақсатында стратегиялық бағыттар анықталды:
- Қан қызметінің нормативтік базасын жетілдіру;
- Трансфузиологиялық терапияның тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру;
- Қан компонентерін дайындау, қайта өңдеу, зертханалық тестілеу, клиникалық қолдану әдістерін жетілдіру;
- Қан қызметінің инфрақұрылымын жетілдіру мен оның материалдық-техникалық базасын нығайту;
- Ерікті қайтарымсыз донорлықты дамыту.
- Кадрлық әлеуетті нығайтып, дамыту;
Міндеттер:
1. Өтеусіз қан мен оның компоненттерінің донорлығын дамыту: донорлық кадрларды жинақтау және жоспарлау;
2. бекітілген номенклатураға және ұлттық стандарттарға сай келетін қан және оның компоненттерін дайындауды қамтамасыз ету;
3. Материалдық-техникалық базаны жетілдіру негізінде заманауи технологияларды енгізу;
4. Трансмиссивтік жұқпаларға донорлық қанның 2 кезеңді скринингі ИФТ/ИХЛТ+ПТР диагностика әдісімен жүргізу;
5. Қан компоненттерінің инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6. Бекітілген номенклатураға және жоспарға сай келетін МҰ өтінімдеріне сәйкес медициналық ұйымдарды диагностикалық стандарттармен және қан компоненттерімен қамтамасыз ету;
7. Қан өнімдерінің сапасына кепілділік жүйесін құру;
- Қан мен оның компонентерінің донорлығы ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесін енгізу негізінде қан мен оның компоненттерінің донорлығын дамыту;
9. Қан қызметі мамандарының біліктілігін арттыру;
Мақалың шыққан күні: 28.12.2017 16:39
Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.09.2023 09:50