«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау
басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Коммунальное государственное предприятие на праве
хозяйственного ведения «Областной центр крови»
коммунального государственного учреждения «Управление
здравоохранения акимата Северо-Казахстанской области»

Қан тапсыр да, өмірді құтқар!

Жұмыс тәртібі: Дс-Жм 08:00-ден 17:00-ге дейін
Донорларды қабылдау:

Дс-Жм сағат 08:00-ден 13:00-ге дейін, Сн-Жс — демалыс

Қабылдау бөлімі: 8(7152)46-57-97
Қан орталығының тіркеу орны: 8(7152)46-75-86
Медициналық қызметтерді тұтынушыларды қолдау қызметі: 8(7152)46-08-35

E-mail: Blood_zdrav@sqo.gov.kz
Петропавл қаласы,  Театральная көшесі, 56

Донорлық бағдаршам
O (I) A (II) B (III) AB (IV)
Rh+ Rh- Rh+ Rh- Rh+ Rh- Rh+ Rh-
 
Берілген топтағы қанның қоры және резус факторы жеткілікті мөлшерде.
 
Қанның қоры жеткіліксіз, толтыру үшін келу қажет.
 
Қан қоры ең төмен шекке жетті.

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Донор болу қауіпсіз бе?

Донор болу қауіпсіз бе? Донорлық қан мен плазманы құю арқылы АИТВ жұқтыруға бола ма?

Донор болу қауіпсіз!

 АИТВ жұқтыру тұрғысынан қан тапсыру донорға ешқандай қауіп төндірмейді. Барлық манипуляциялар қатаң стерильді медициналық құралдармен және негізгі қауіпсіздік ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми деректері бойынша 2007 жылдан бастап донорлық кезінде адамдардың АИТВ жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ.

 Қан қызметіндегі инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі қорғаныс шараларының тұтас кешені болып табылады. Бірінші кезеңде донорлар мен донорлықтан бөлінген адамдардың ақпараттық дерекқоры арқылы тексеру жүргізіледі. Екінші кезеңде әлеуетті донорлар «қауіпті мінез – құлық» факторларын - есірткіге тәуелділікті, қорғалмаған жыныстық қатынастарды, дәстүрлі емес жыныстық бағдарды және т.б. анықтау мақсатында міндетті құпия сауалнамадан өтеді. Осыдан кейін әлеуетті донор терапевтке тексеруге жіберіледі, оның барысында дәрігер сауалнаманы талдайды, тексеру жүргізеді, қосымша сұрақтар қояды.

 Донорлық қан мен оның компоненттерін дайындау кезінде тиімді аппараттық әдістер қолданылады, олар мамандардың айтуынша, мүлдем қауіпсіз.

 Қазақстанда халықаралық стандартқа сәйкес трансфузиялық инфекциялар маркерлеріне донорлық қанның екі сатылы скринингі жүзеге асырылады.

 Сонымен қатар, реагенттер мен қан үлгілерін өздігінен басқаратын және адам факторының зерттеу нәтижелеріне әсерін толығымен жоққа шығаратын толық автоматтандырылған жабдықта донорлық қанға зерттеу жүргізу талабы нормативті түрде бекітілген. Сондай-ақ медициналық ұйымдардың жұмысына шағымдар туындаған жағдайда төрелік зерттеулер жүргізу үшін әрбір донациядан қан үлгілерін 3 жылға мұрағаттау талабы бекітілді.

 Қан орталықтарындағы автоматтандырылған ақпараттық бағдарлама оның қауіпсіздігін растайтын зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алмай, қан компоненттерін емдеу желісіне шығаруға мүмкіндік бермейтін етіп ұйымдастырылған.

 Сонымен қатар, карантиндеу, вирусинактивация, лейкофильтрация сияқты қан компоненттерін қосымша өңдеу әдістері де қолданылады.

 АИТВ-ға донорларды тестілеу.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, донор болғысы келетін барлық адамдар міндетті түрде АИТВ-ға тексерілуі керек. Тексеруден бас тартқан кезде адам донор бола алмайды. Егер талдау барысында АИТВ-инфекциясы анықталса, адам донорлықтан мерзімсіз шеттетіледі. Донорлық қаннан алынған плазма препараттарының қауіпсіздігіне кепілдік беретін арнайы жүйе бар. АИТВ-ға алғашқы тексеруден кейін донор алты ай бойы бақыланады, содан кейін АИТВ-ға тест қайталанады. Бұл зерттеу қандағы вирусты тіркей алмайтын «серологиялық терезе» кезеңін болдырмау үшін жасалады. Донорлық плазма қайта тексерілгенге дейін арнайы үй-жайда сақталады. АИТВ-ға қайта талдау теріс болған жағдайда ғана плазманың бірінші бөлігін клиникалық тәжірибеде қолдануға болады. Ең сенімді нәтижеге қол жеткізу үшін донорлар ең сапалы заманауи тест жүйелерімен сыналады.

 

18.01.2024

Қараулар: 458

coronavirus
Государственные символы
Акорда
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
«БЖЗҚ» АҚ
Antikor
Премьер
egov
Әділет
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы 2011-2015 жж.
banner_anticorruption_rus
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ
4 fms_rus
A- A A+