«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау
басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Коммунальное государственное предприятие на праве
хозяйственного ведения «Областной центр крови»
коммунального государственного учреждения «Управление
здравоохранения акимата Северо-Казахстанской области»

Қан тапсыр да, өмірді құтқар!

Жұмыс тәртібі: Дс-Жм 08:00-ден 17:00-ге дейін
Донорларды қабылдау:

Дс-Жм сағат 08:00-ден 13:00-ге дейін, Сн-Жс — демалыс

Қабылдау бөлімі: 8(7152)46-57-97
Қан орталығының тіркеу орны: 8(7152)46-75-86
Медициналық қызметтерді тұтынушыларды қолдау қызметі: 8(7152)46-08-35

E-mail: Blood_zdrav@sqo.gov.kz
Петропавл қаласы,  Театральная көшесі, 56

O (I) A (II) B (III) AB (IV)
Rh+ Rh- Rh+ Rh- Rh+ Rh- Rh+ Rh-
 
Берілген топтағы қанның қоры және резус факторы жеткілікті мөлшерде.
 
Қанның қоры жеткіліксіз, толтыру үшін келу қажет.
 
Қан қоры ең төмен шекке жетті.

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Қан орталығы туралы ереже

СҚО «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК

ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

1.1.    Осы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының  Кодексіне  сәйкес әзірленді және ОҚО міндеттерін, функцияларын, құрылымын және санаттылығын, сондай-ақ қызметтерінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін анықтайды.

1.2.    ОҚО қызметі донорлық қан дайындауды орталықтандыру, донорлардың қан үлгілерін трансфузиялық инфекцияларға зертханалық зерттеу және қалалық және облыстық МҰ қан өнімдерімен қамтамасыз ету қағидаттарының негізінде еліміздің солтүстік өңірлеріндегі халқына трансфузиялық көмектің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.

1.3.    Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының  ОҚО жұмысын облыстың штаттан тыс бас трансфузиологы үйлестіреді.

1.4.             ОҚО өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын,  денсаулық сақтау  саласындағы қызметті реттейтін өзге  нормативтік құқықтық актілерді, ОҚО Жарғысын және осы Ережені басшылыққа алады.

1.5.             ОҚО дара басшылық ету негізінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 5945 тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарына (бұдан әрі – біліктілік сипаттар) сәйкес келетін директор басқарады.

2. ОҚО негізгі міндеттері

2.1. Донорлық қанның, оның компоненттерінің, препараттары мен диагностикалық реагенттерінің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес қанды, оның компоненттерін дайындауды, қан компоненттері мен препараттарды, диагностикалық реагенттерді өндіруді ұйымдастыру;
      2.2. Өңірде трансфузиялық көмектің қауіпсіздігін, сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай стратегияны іске асыру;
      2.3. Қан компоненттері мен препараттарын клиникалық қолдану барысында олардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ету;

 

3. Облыстық қан орталығының құрылымы мен санаттылығы

 

3.1.  ОҚО құрылымында мынадай бөлімшелер бар:

1) Донорлық кадрларды жинақтау бөлімшесі;

2) Қан дайындау бөлімшесі;

-  донациялау блогы:

-  донор залы (донор қанын дайындауды жүзеге асырады);

- плазмаферез залы (аппараттық плазмацитаферез әдістерімен қан жасушалары мен плазма дайындауды жүзеге асырады).

-   қанды бастапқы фракциялау блогы донор қанын компоненттерге бастапқы фракциялауды, қан және оның компоненттерін лейкофильтрлеудлеуді, плазмалар мен тромбоциттерді вирустық инактивациялауды, құрамында эритроцит бар компоненттерін шаюды, криопреципитаттарды бөлуді, плазмаларды қатыруды жүзеге асырады;

 

- іріктеу блогы қан және оның компоненттерін іріктеуді жүзеге асырады;

 

-  карантиндеу блогы плазманы карантиндеумен айналысады;

 

-   медициналық қалдықтарды кәдеге жарату блогы медициналық қалдықтарды жинау, есепке алу және уақытша сақтауды жүзеге асырады;

-   функционалдық қамтамасыз ету блогы медқұрал-жабдықтарды зарарсыздандыру алдындағы өңдеуді, бикстерді қабылдау, жинақтау және залалсыздандыруды, тазартылған су өндіруді жүзеге асырады;

 

3) жұқпаны диагностикалау зертханасы

4) қанды тестілеу бөлімшесі

5) сапаны бақылау бөлімшесі (биохимиялық зертхана)

        6) өнімдерді беру бөлімшесі;

        3.2. Қан және оның компоненттері донациясының көлеміне қарай ОҚО 2 санат бар.

        3.3. ОҚО үлгі штаттары мен штат нормативтері «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен белгіленеді (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 6173 тіркелген).

         ОҚО 13 дәрігер жұмыс істейді,  оның ішінде жоғары санатты 3 дәрігер, бірінші санатты 5 дәрігер, екінші санатты 1 дәрігер; орта буын медициналық қызметкерлер саны - 38, оның ішінде жоғары санатты-18, бірінші санатты -3,  екінші біліктілік санаты бар 5.  

 

4. Облыстық қан орталығының функциялары

Облыстық қан орталығы мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасына жергілікті органдарының ведомстволық бағынысты қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйым болып табылады.

          4.1. ОҚО мынадай қызметтерді атқарады:

1)       өкілдік және атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп халықтың арасында ерікті өтеусіз қан және оның компоненттерінің донорлығын дамытуға және насихаттауға қатысу;

2)    қан және оның компоненттерінің донорлары болуға ниет білдірген азаматтарды қабылдау және медициналық тексеру;

3)      қан және оның компоненттері донорларының және донорлықтан шеттелген тұлғалардың тіркелімдерін құру және жүргізу;
        4) донорлардың қан үлгілерін трансфузиялық инфекцияларға зертханалық зерттеу, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес трансфузиялық инфекцияларға тексерілген оң нәтижелі донорлар туралы денсаулық сақтау ұйымдарына хабардар ету;

         5) донорлардың қан сарысуларының үлгілерін мұрағаттау;
         6) қанды және оның компоненттерін стационарда, сондай-ақ көшпелі жағдайда дайындау;
        7) қан компоненттері мен препараттарын, диагностикалық реагенттерді өндіру;
        8) қан және оның компоненттерінің инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қазіргі заманғы технологияларын енгізу;

        9) қан компоненттерінің, оның ішінде сирек және әмбебап топтарының қорын құру;

       10) қан компоненттері мен препараттарының сапасын бақылауды жүргізу;
       11) донорлық және аутологиялық қанды, оның компоненттерін, препараттары мен диагностикалық реагенттерді өнім сапасына қойылатын талаптарға сәйкес есепке алуды, сақтауды және тасымалдауды ұйымдастыру;
       12) денсаулық сақтау ұйымдарын, оның ішінде шекаралас облыстардың жақын жердегі елді мекендерінің денсаулық сақтау ұйымдарын шарт негізінде қан компоненттерімен, препараттарымен және диагностикалық реагенттеріне қажетшілікті тәулік бойы қамтамасыз ету;
        13) донорлардың қан үлгілеріне клиникалық-биохимиялық және иммуногематологиялық зерттеулер жүргізу, қанды және оның компоненттерін жеке іріктеу кезінде күрделі жағдайларда реципиенттердің қан үлгілеріне иммуногематологиялық тексеруді жүргізу;
        14) қызмет көрсететін медициналық ұйымдарда қан мен оның компоненттерін клиникалық пайдалану бойынша мониторинг жүргізу;
        15) трансфузиядан кейінгі асқыну жағдайларын тексеруге, олардың профилактикасы бойынша іс-шаралар практикасына енгізуге қатысу;
        16) қан қызметінің мәселелері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету, трансфузиялық көмекке мониторинг жүргізу;  

        17) қан және оның компоненттерінің донорлығын шарт негізінде ұйымдастыруға қатысу;  

        18) қан қызметі және трансфузия мәселелері бойынша кәсіптік білім алу бағдарламаларына қатысу;

        19) қан қызметінің жұмысын регламенттейтін нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;

           20) медициналық апаттар мен азаматтық қорғаныстың медициналық қызмет жүйесінің арнайы іс-шараларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысу, жұмылдыру тапсырысын орындау және ТЖ пайда болған кезде қан өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша шұғыл әрекет ету;

           21) арнайы медициналық қоймаларда сақталатын жұмылдыру қорының материалдық құндылықтарын жаңартуға қатысу;

           22) қан қызметі мәселелері бойынша республикалық семинарларды, кеңестерді, ғылыми-практикалық конференцияларды өткізуге қатысу;

 23) есепке алу және есептілік құжаттаманы жүргізу.

 

Мақалың шыққан күні: 28.12.2017 16:39

Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.09.2023 09:51

coronavirus
Государственные символы
Акорда
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
«БЖЗҚ» АҚ
Antikor
Премьер
egov
Әділет
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы 2011-2015 жж.
banner_anticorruption_rus
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ
4 fms_rus
A- A A+