«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау
басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Коммунальное государственное предприятие на праве
хозяйственного ведения «Областной центр крови»
коммунального государственного учреждения «Управление
здравоохранения акимата Северо-Казахстанской области»

Қан тапсыр да, өмірді құтқар!

Жұмыс тәртібі: Дс-Жм 08:00-ден 17:00-ге дейін
Донорларды қабылдау:

Дс-Жм сағат 08:00-ден 13:00-ге дейін, Сн-Жс — демалыс

Қабылдау бөлімі: 8(7152)46-57-97
Қан орталығының тіркеу орны: 8(7152)46-75-86
Медициналық қызметтерді тұтынушыларды қолдау қызметі: 8(7152)46-08-35

E-mail: Blood_zdrav@sqo.gov.kz
Петропавл қаласы,  Театральная көшесі, 56

O (I) A (II) B (III) AB (IV)
Rh+ Rh- Rh+ Rh- Rh+ Rh- Rh+ Rh-
 
Берілген топтағы қанның қоры және резус факторы жеткілікті мөлшерде.
 
Қанның қоры жеткіліксіз, толтыру үшін келу қажет.
 
Қан қоры ең төмен шекке жетті.

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Ұйымның жарғысы

    1. Жалпы ережелер

1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

2. Кәсіпорын Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «06» желтоқсандағы № 369 қаулысына сәйкес құрылған.

3. Кәсіпорын құрылтайшысы мен Кәсіпорынға қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) болып табылады.

4. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.

5. Кәсіпорынның атауы:

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. 

6. Кәсіпорынның орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, 150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56.

 

         2. Кәсіпорынның заңдық мәртебесі

 

7.  Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.

8. Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөртабаны және мөрі болады.

9. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын жергілікті атқарушы органның келісімімен басқа заңды тұлға құра алады, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады. Мемлекеттік кәсіпорын – табиғи монополия субъектісі жергілікті атқарушы органның және мемлекеттік органның келісімімен табиғи монополиялар саласында және реттелмелі нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын басқа заңды тұлға құра алады, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер құра алады.

10. Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледі.

 

 

  3. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары

 

11. Кәсіпорын қызметінің мәні денсаулық сақтау мекемелеріне қан қызметі мәселелері бойынша әдістемелік, консультациялық және практикалық көмек көрсету болып табылады.

12. Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты емдеу - алдын алу мекемелерін қан, оның компоненттері және препараттармен  қамтамасыз ету, донор қанына және дайын қан компоненттеріне зертханалық анықтау жүргізу, клиникалық зертханалық диагностикалау болып табылады.

13. Кәсіпорын көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

-       донорлық кадрларды жоспарлау және есепке алу;

-       денсаулық сақтау органдарымен, қоғамдық ұйымдармен және қорлармен бірлесіп, тұрғындар арасында донорлықты үгіттеу және насихаттау жұмыстарын жүргізу;

-       консервіленген донор қанын дайындау, донорлық және цитоферез плазманы өткізу, қан компоненттерін алу;

-       қан дайындау бойынша жұмыстарды жетілдіру, денсаулық сақтау мекемесінің тәжірибесіне жаңа қан компоненттері мен препараттарын насихаттау және енгізу;

-       МҰ қан компоненттерімен және препараттарымен, иммуногематологиялық тестілеу үшін диагностикалық реагенттермен қамтамасыз ету, оларды тасымалдау, сақтау және қолдану ережелеріне бақылау;

-                     қан орталығының, трансфузиология кабинеттері қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;

-       кәсіпорын шығаратын қан компоненттерін бақылауды жүзеге асыру;

-       иммунологиялық, гематологиялық, биохимиялық, иммуногематологиялық және бактериологиялық зерттеулерді өткізу, (В және С гепатиті, АҚТҚ, мерез) инфекцияларға зертханалық тестілеуді жүзеге асыру.

14.  Облыстық қан орталығы қан қызметі өңірінде ұйымдастыру - әдістемелік орталығы болып табылады.

15.  Кәсіпорын негізгі қызмет түрлерінен өзге де заңға қайшы келмейтін қызметті жүзеге асыра алады.

- Кәсіпорын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес медициналық (емдік плазмаферез), фармацевтикалық және басқа да қызметтерді көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады;

- Кәсіпорынның нысандарын, ғимараттарын және құрал-жабдықтарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жалға бере алады;

- Кәсіпорын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кепілдік берілген мемлекеттік көлемнен артық ақылы емдеу-диагностикалық көмек көрсете алады.

16. Кәсіпорын осы Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқылы емес.

 17. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасаған мәмілесі тиісті саланың уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы орган) не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

18. Кәсіпорын басшысының заңды тұлғаның жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылдары еңбек міндеттерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.

         

 

4. Кәсіпорынды басқару

 

19. Жергілікті атқарушы орган:

          1) Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

2) Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға өкілеттік береді;

3) Кәсіпорын қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

4) Кәсіпорынның даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;

5) Кәсіпорынның даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

6) коммуналдық мүлікті Кәсіпорынға бекітеді;

7) Кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

8) Кәсіпорынның мүлкін пайдалануды және сақтауды бақылауды қамтамасыз етеді;

9) Кәсіпорын мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;

10) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

20. Кәсіпорынның басшысы (Директоры) оның органы болып, сондай-ақ Жарғының 6-бөлімінде көзделген жағдайларда бақылау кеңесі болып табылады.

21. Басшыны (директорды) тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

22. Тиісті саланың уәкілетті органы Кәсіпорынның басшысымен (директорымен) еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді.

Еңбек шартында Қазақстан Республикасының  Еңбек кодексімен белгіленген жағдайлардан басқа, бюджетке таза табыстың белгіленген бөлігі уақытылы аударылмағаны үшін Кәсіпорын басшысының (директордың) жауапкершілігі айқындалады.

23. Кәсіпорынның басшысы (директор) Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.

24. Кәсіпорынның басшысы (директор) Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады,               сондай-ақ ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді.

25. Кәсіпорынның басшысы (директор) дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

26. Басшы:

1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;

3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) банктік шоттар ашады;

6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады;

8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестені, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін, Кәсіпорынның қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерді қоспағанда) сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;

9) өзінің орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін тиісті саланың уәкілетті органына кандидатуралар ұсынады;

10) өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

 

5.    Кәсіпорынның құқығы мен міндеттері

 

27. Кәсіпорын өз қызметін жүзеге асыру үшін мыналарға құқылы:

мүлік (ғимарат, үймерет, жабдық және Кәсіпорынның басқа да негізгі қоры) мәмілесінен алынатын ақшалай қаражатты пайдалануға;

оған шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген, негізгі қорға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес иелік етуге;

тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне кірмейтін ақылы медициналық қызмет көрсетуге;

Қазақстан Республикасы аумағында және одан тыс жерде қызметі заңнамамен регламенттелетін шарттар (келісімшарттар) жасауға және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тыйым салынбаған кез келген шаруашылық қызмет түрін жүргізуге;

Кәсіпорынның мемлекеттік тапсырыстан тыс өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағасын өздігінен белгілеуге.

28. Кәсіпорын мыналарға міндетті:

осы Жарғының шарттарын сақтауға;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің қызметін жүзеге  асыруға;

салық заңнамасына сәйкес салықты және басқа да міндетті төлемдерді бюджетке төлеуге;

өз қызметі нәтижелерінің жедел бухгалтерлік есебін жүзеге асыруға және статистикалық есептілікті жүргізуге;

оған бекітілген мүлікті сақтау бойынша шаралар қабылдауға;

коммерциялық және мемлекеттік құпияны сақтауға;

жалданып жұмыс істейтін азаматтарға әлеуметтік, медициналық және өзге де сақтандыру түрлерін жүзеге асыруға, оларға қолданыстағы Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге.

 

 6. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынды басқарудың ерекшеліктері

 

29. Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорында тиісті саланың уәкілетті органының ұсынысы бойынша кәсіпорын органы – байқау кеңесі құрылуы мүмкін.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорындарға байқау кеңесін енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.

30. Байқау кеңесі құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорындарға қойылатын өлшемдерді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

31. Байқау кеңесін құру тәртібін, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

32. Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін анықтау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 33. Бақылау кеңесінің өкілеттігі:

1) тиісті саланың уәкілетті органына Кәсіпорынның даму жоспарының жобасы бойынша, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қорытынды береді;

2) Кәсіпорынның даму жоспарының орындалуы туралы есептің жобасын, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде келіседі;

3) демеушілік және қайырымдылық көмектер мен қосымша көздерден алынған қаражатты, оның ішінде Кәсіпорын иелігінде қалған таза табысты бөлу туралы шешім қабылдайды;

4) бюджет қаражаты мен қосымша көздерден алынған қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылау үшін Кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің құжаттарымен кедергісіз танысады және тиісті саланың уәкілетті органына көрсетілген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын тексеруді жүзеге асыру үшін ұсыныс енгізеді;

5) тиісті саланың уәкілетті органының Кәсіпорын басшысын (директорды) тағайындау және онымен еңбек шартын бұзу мәселесі жөніндегі ұсынысын келіседі;

6) ұжымдық шартты әзірлеуге қатысады және қосымша қаржы көздерінен, даму жоспарында бекітілген қаражат шегінде Кәсіпорын қызметкерлерінің, басшысының (бас дәрігерінің), оның орынбасарларының, бас бухгалтерінің лауазымдық жалақыларына үстемеақы белгілеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету бөлігінде шешімдер қабылдайды;

7) байқау кеңесінің хатшысын тағайындайды, оның өкілеттілік мерзімін және жалақысының мөлшерін айқындайды, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады;

8) тиісті саланың уәкілетті органына Кәсіпорынның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізеді;

9) Кәсіпорын қызметінің басым бағыттары бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

10) тиісті саланың уәкілетті органы Кәсіпорынның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы ұсыныстар енгізеді;

11) тиісті саланың уәкілетті органы Кәсіпорынның филиалдарын,  өкілдіктерін құру және жабу туралы ұсыныстар енгізеді.

 

 7. Кәсіпорынның мүлкі

 

34. Кәсіпорынның мүлкі мемлекеттік меншік құқындағы объект болып табылады.

35. Кәсіпорынның мүлкін негізгі қорлар және айналым қаражаты,               сондай-ақ Кәсіпорынның жеке теңгерімінде құны көрсетілген құндылықтар құрайды.

36. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (үлестер, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.

37. Кәсіпорынның мүлкі:

1) оған құрылтайшы берген мүліктің;

2) өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктің (ақшалай табыстарды қоса алғанда);

3) заңнамамен тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен қалыптастырылады.

38. Кәсіпорынның  шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген, негізгі қаражатқа жатқызылатын мүлікті беруге және оған қатысты мәміле жасауға құқығы жоқ.

39. Кәсіпорын мүлкінің құрамына ғимараттар, имараттар, жабдықтар, мүкәммал, көлік, жер учаскесіне құқықты қоса алғанда, оның қызметіне арналған мүліктің барлық түрі кіреді.

40. Мүлiкпен жасалған мәмiлелерден алынған ақшаны Кәсіпорын дербес пайдаланады.

41. Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.

42. Шаруашылық жүргізу құқығын алу және тоқтату, егер осы Жарғыда өзгеше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.

43. Шаруашылық жүргізудегі мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі.

44. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше белгіленбесе, мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.

45. Кәсіпорынның негізгі құралдарына жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.

46. Кәсіпорынның мүлкіне шаруашылық жүргізу құқығы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында көзделген тәртіппен және меншік құқығын тоқтату негіздері бойынша, сондай-ақ осы Жарғының 48,
49-тармақтарында көзделген жағдайларда тоқтатылады.

47. Осы Жарғының  43-тармағында көзделген шаруашылық жүргізу құқығын тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа, шаруашылық жүргізу құқығы Кәсіпорыннан мүлікті жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша заңды түрде алынып қойылған жағдайда тоқтатылады.

Заңды түрде алып қою жағдайларына, атап айтқанда, мыналар:

шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорынның жарғылық қызметінің мақсаттарына жауап бермейтін мүлікті алып қою;

артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай емес пайдаланылатын мүлікті алып қою жатқызылады.

48. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жергілікті атқарушы орган тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорнынан бекітілген мүлікті алып қоюға не оны өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.

49. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімінде жергілікті атқарушы орган Кәсіпорынға оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстауын және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерін белгілейді.

50. Кәсіпорын оған шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.

51. Егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі немесе жергілікті атқарушы органмен өзгеше белгіленбесе, осы Жарғының  50-тармағында көрсетiлген мүлiкпен жасалған мәмiлелерден алынған ақшаны Кәсіпорын дербес пайдаланады.

 

 8. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру

 

52. Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

Кәсіпорынның даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

53. Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігін аудару нормативін жергілікті атқарушы орган белгілейді.

Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігі белгіленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен тиісті бюджетке аударылуы тиіс.

Кәсіпорын таза табысының бір бөлігін тиісті бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

54. Кәсіпорын медициналық қызметтерді дербес жүзеге асырады.

55. Кәсіпорын өндiретін және іске асыратын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары Кәсiпорынның оларды өндiруге жұмсаған шығындарын толық өтеуді, оның қызметінің шығынсыздығын және өзінің кіріс есебiнен қаржыландырылуын қамтамасыз етуге тиiс.

Бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік тапсырысты орындау есебінде    өндiрілген    және     іске    асырылған    тауарлардың   (жұмыстардың,                                                                                                  

көрсетілетін қызметтердің) бағаларын тиісті саланың уәкілетті органның талабы бойынша белгiленедi.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне мыналар кіреді:

1) тиісті саланың уәкілетті органы айқындайтын ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланатын саны аясында (шекті көлем) бастапқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымының жолдамасы бойынша, шұғыл көрсеткіштер бойынша - жолдаманың болу-болмауына қарамастан берілетін стационарлық медициналық көмек;

 2) бастапқы медициналық-санитариялық маманның немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;

3) амбулаториялық-емханалық көмек;

4) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту

Мемлекеттік тапсырыстан асыра өндірілген және іске асырылған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын Кәсіпорын дербес белгілейді.

56. Ақылы медициналық қызметтер қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетіледі.

57. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіпорынның Жарғысында көзделмеген қызметтi жүзеге асырудан осы Кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесiнде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады.

Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.

 

 9. Кәсіпорынның жарғылық капиталы

 

58. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері 860 535 139,36 (сегіз жүз алпыс миллион бес жүз отыз бес мың жүз отыз тоғыз теңге 36 тиын) теңгені құрайды және Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуі кезіне жергілікті атқарушы орган 100% толық қалыптастырды.

59. Кәсіпорынның жарғылық капиталы меншік иесінінен жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін басқаруға алынған мүліктен қалыптасады.

  

10. Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі

 

60. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

 61. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті,  өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.

62. Кәсіпорын байқау кеңесімен бірге жылдық қаржылық есеп беру аудитін жүргізуге міндетті. Кәсіпорын аудиті байқау кеңесінің, басшының (директордың), жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша Кәсіпорын қаражаты есебінен жүргізілуі мүмкін.

 

 11. Кәсіпорынның жауапкершілігі

 

63. Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық меншікпен жауап береді.

64. Кәсіпорын өз мүлкі иесінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

65. Құрылтайшы немесе уәкілетті органның іс-әрекеттерінен туындаған банкроттық жағдайды есепке алмағанда, мемлекет Кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жауап бермейді.  Бұл жағдайларда мемлекет кредиторлар талаптарын қанағаттандыру үшін соңғының қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда Кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жауап береді.

66. Кәсіпорынның міндеттемелері бойынша заңнамалық актілермен мемлекеттің басқа жауапкершілік жағдайлары белгіленуі мүмкін.

 

 12. Еңбек ұжымымен, тиісті саланың уәкілетті органымен және жергілікті атқарушы органмен өзара қатынас

 

67. Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес айқындалады.

68. Жұмыс тәртібін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен көзделген кепілдіктерді есепке ала отыра, Кәсіпорынның басшысы белгілейді.

69. Кәсіпорын мен тиісті саланың уәкілетті органы, Кәсіпорын мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган арасындағы өзара қатынас қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындалады және реттеледі.

  

13. Кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу

 

70. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын тиісті саланың уәкілетті органы белгілейді.

71. Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақылар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесiн белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде Кәсiпорын дербес айқындайды.

72. Кәсiпорын басшысының (директорының), оның орынбасарларының, бас бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерін, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн тиісті саланың уәкілетті органы белгiлейдi.

  

    14. Кәсіпорынды қайтадан ұйымдастыру және тарату

 

73. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жасалады.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

74. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

 75. Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкін жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.

 Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің табысына есептеледі.

 

 15. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

76.  Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар тиісті саланың уәкілетті органының ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы органның қаулысымен енгізіледі.

 

 

 

 

                    Басшы (Директор)     _____________________ С.Ә.Тәукелов

Скачать устав (PDF 4544 Kb)

Мақалың шыққан күні: 28.12.2017 16:38

Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.09.2023 09:47

Государственные символы
Акорда
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
«БЖЗҚ» АҚ
Antikor
Премьер
egov
Әділет
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы 2011-2015 жж.
banner_anticorruption_rus
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ
4 fms_rus
A- A A+