Тапсырмалар мен функциялар
Міндеттері:
- Донорлық кадрларды жоспарлау және есепке алу;
- Қорлар, денсаулық сақтау және қоғамдық ұйымдарымен бірлесе отыра тұрғындар арасында донорлықты насихаттау және үгіттеу жұмыстарын жүргізу;
- цитоферез және донорлық плазманы өткізу, консервіленген донор қанын дайындау;
- Изосерологиялық стандарттарды өндіру;
- Төтенше жағдайлар кезінде МҚ және ШМКҚ арнайы шараларды жоспарлау және өткізу;
- Қан қызметі мәселелері бойынша денсаулық сақтау мекемелеріне әдістемелік, консультативтік және практикалық көмек көрсету;
- Мемлекеттік мекемелер шығаратын қан препараттарына сапалы бақылау жүргізу.
Облыстық қан орталығының негізгі міндеттеріне сәйкес:
- Жаңа алынған донорлық қанды және консервіленген қанды, олардан дайындалатын компоненттерді, препараттар мен стандартты сарысуларды дайындауды жүзеге асырады;
- Денсаулық сақтау мекемесінің тәжірибесіне жаңа компоненттер мен қан препараттарын насихаттау және енгізу, қан дайындау және одан алынған компоненттер мен препараттар бойынша жұмыстарды іске асыру;
- Қанды, оның компоненттері мен препараттарын құюдан кейінгі асқыну жағдайларын тексеруге қатысады, олардың алдын-алу бойынша ұсыныстар әзірлейді;
- Өз аймағында қан қызметі мекемесінің өндірістік қызметін талдау және түйіндеу, алынған мәліметтер негізінде және жұмысты жақсарту бойынша белгіленген тәртіпте ұсынысты бекітуге беру, ЕАҰ қан препараттарымен және компоненттерімен қамтамасыз ету;
- Орталық, бөлімше, қан кабинеттері қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
- Мекеме шығаратын қан препараттарын бақылауды іске асыру;
Мақалың шыққан күні: 24.03.2017 17:33
Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.09.2023 09:50