17 қыркүйек «Дүниежүзілік сүйек кемігі доноры күні»
17 қыркүйек «Дүниежүзілік сүйек кемігі доноры күні»
2015 жылдан бастап жыл сайын әлемнің 52 елінен 28 миллионнан астам гемопоэздік дің жасушаларының донорларын біріктіретін Дүниежүзілік сүйек кемігі донорлары қауымдастығының бастамасымен дүниежүзілік сүйек кемігі донорлары күні атап өтіледі.
Бұл күн сүйек кемігінің барлық донорларына арналған - шынайы да, әлеуетті де; бүкіл әлем бойынша тіркелімдер мен трансплантология орталықтарының қызметкерлеріне, әрине, әлеуетті донорларды тартатын және тіркелімді толықтыру бойынша жұмыс істейтін адамдарға.
2012 жылдан бастап балалар мен ересектерге қанның көптеген онкологиялық ауруларын емдеуге көмектесетін Қазақстан Республикасының гемопоэздік дің жасушалары донорларының ұлттық тізілімінің әлеуметтік маңызды жобасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Жыл сайын Қазақстанда 300-ден астам адам сүйек кемігін трансплантациялауды қажет етеді, олардың жартысы балалар мен жасөспірімдер.
Гемопоэздік дің жасушалары донорларының тізілімі дің жасушаларын трансплантациялауды қажет ететін науқастар үшін жасалады. Ол қажет болған жағдайда гемопоэтикалық дің жасушаларының доноры болуға келісім берген адамдар туралы ақпараттан тұрады.
Облыстық қан орталығы тізілімге кірген және балалар мен ересектерге қанның көптеген онкологиялық ауруларын емдеуде өтеусіз көмек пен өмірге үміт беретін Солтүстік Қазақстан облысының ГДЖ әлеуетті донорларымызды құттықтайды және зор алғысын білдіреді.
17.09.2022
Қараулар: 4445