Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз
Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз
Облыстық қан орталығының ұжымы барлық дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтайды!
Құрметті, құрметті әріптестер!
Сіздерді медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Сіздердің ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімізді білдіреміз.
17.06.2022
Қараулар: 3188