«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау
басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Коммунальное государственное предприятие на праве
хозяйственного ведения «Областной центр крови»
коммунального государственного учреждения «Управление
здравоохранения акимата Северо-Казахстанской области»

Қан тапсыр да, өмірді құтқар!

Жұмыс тәртібі: Дс-Жм 08:00-ден 17:00-ге дейін
Донорларды қабылдау:

Дс-Жм сағат 08:00-ден 13:00-ге дейін, Сн-Жс — демалыс

Қабылдау бөлімі: 8(7152)46-57-97
Қан орталығының тіркеу орны: 8(7152)46-75-86
Медициналық қызметтерді тұтынушыларды қолдау қызметі: 8(7152)46-08-35

E-mail: Blood_zdrav@sqo.gov.kz
Петропавл қаласы,  Театральная көшесі, 56

O (I) A (II) B (III) AB (IV)
Rh+ Rh- Rh+ Rh- Rh+ Rh- Rh+ Rh-
 
Берілген топтағы қанның қоры және резус факторы жеткілікті мөлшерде.
 
Қанның қоры жеткіліксіз, толтыру үшін келу қажет.
 
Қан қоры ең төмен шекке жетті.

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Тәуелсіздік құрдасы

Тәуелсіздіктің түйдей құрдастары «Тәуелсіздік» ұғымының мән-маңызын біркісідей біледі, еліміздің мерейін асыру жолында өздеріне жүктелетін жауапкершіліктің зор екенін жете түсінеді. Ақ халатты абзал жан, Ажар Абжанова да егемендікті ешбір дәлелді қажет етпейтін аксиома деп санайды. Медицина саласына ерекше ден қойған білікті маман Петропавл қаласындағы №3 қалалық емханада 7 жыл бойы еселі еңбек етіп келеді. Егемендіктің елең-алаңында Аққайың ауданында дүниеге келген ол, бүгінде талай науқастың сырқатынан құлан таза айығуына сеп болды.

 

 АЖАР АБЖАНОВА, № 3 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ДӘРІГЕРІ:

Мұқағали Мақатаев айтқандай, Мейлі мені шығарсың шырқ қылып, Мейлі мені тастасын лақтырып, Отанымды сүйемін күліп тұрып, отанымды сүйемін жылап тұрып. Мен де Отанымды, өз туған жерімді мақтан тұтамын, сүйемін.

 

 Тәуезсіздік таңымен таласа туып, еркін қоғамда бой жеткен маман бала кезінен ақ халат киіп, әкесі мен анасы сияқты денсаулық сақтау саласында еңбек етуді армандаған. Өз арманына қол жеткізу үшін ол 2009 жылы еліміздің көптеген мықты дәрігерлерін даярлаған Қарағанды Мемлекеттік медицина университетіне оқуға түседі. Осы оқу орнын 2016 жылы аяқтап, өз туған жеріне оралады. №3 қалалық емханада алғашқы еңбек жолын бастайды. Өзі мол тәжірибе жинақтап, дамудың түрлі сатысынан өткен осы мекемеде қазірге дейін аянбай қызмет атқарып келеді.

 

 АЖАР АБЖАНОВА, № 3 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ДӘРІГЕРІ:

Тәуелсіздік күні қарсаңында барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, қажымас қайрат, талмас қанат, өмірдің аяулысын, бақыттың баяндысын тілеймін. Еңбектеріңіз жемісті, аспанымыз ашық болғай.

 

Дәрігер, Ажар Абжанованың айтуынша, бүгінде емхана цифрландырудан өткен, соның арқасында бұрынғыдай ұзын-сонар кезек жоқ. Мұндағы айтулы жетістіктің бірі, диспансерлік карта арқылы дәрігерлер бақылау жасап науқастардың бұдан бұрын қай маманның қабылдауында болғанын, қайда қаралғанын да біле алады. Осы мекеменің алға жылжуына септігін тигізіп жүрген тәжірибелі маманның үлкен ұлы да болашағын медицинамен байланыстырғысы келеді, болашақта ол тіс дәрігері болуды армандайды.

14.12.2023

Қараулар: 2069

coronavirus
Государственные символы
Акорда
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
«БЖЗҚ» АҚ
Antikor
Премьер
egov
Әділет
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы 2011-2015 жж.
banner_anticorruption_rus
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ
4 fms_rus
A- A A+