«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау
басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Коммунальное государственное предприятие на праве
хозяйственного ведения «Областной центр крови»
коммунального государственного учреждения «Управление
здравоохранения акимата Северо-Казахстанской области»

Қан тапсыр да, өмірді құтқар!

Жұмыс тәртібі: Дс-Жм 08:00-ден 17:00-ге дейін
Донорларды қабылдау:

Дс-Жм сағат 08:00-ден 13:00-ге дейін, Сн-Жс — демалыс

Қабылдау бөлімі: 8(7152)46-57-97
Қан орталығының тіркеу орны: 8(7152)46-75-86
Медициналық қызметтерді тұтынушыларды қолдау қызметі: 8(7152)46-08-35

E-mail: Blood_zdrav@sqo.gov.kz
Петропавл қаласы,  Театральная көшесі, 56

O (I) A (II) B (III) AB (IV)
Rh+ Rh- Rh+ Rh- Rh+ Rh- Rh+ Rh-
 
Берілген топтағы қанның қоры және резус факторы жеткілікті мөлшерде.
 
Қанның қоры жеткіліксіз, толтыру үшін келу қажет.
 
Қан қоры ең төмен шекке жетті.

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

«ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫ»

шаруашылық жүргізу құқығындағы

коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

 БҰЙРЫҚ

Коммунальное государственное предприятие

на праве хозяйственного ведения

«ОБЛАСТНОЙ ЦЕНТР КРОВИ»             коммунального государственного учреждения

 «Управление здравоохранения акимата

Северо-Казахстанской области»

 

ПРИКАЗ

 

 

                               

 

«Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын бекіту туралы

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10 бабына сәйкес және «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК қызметкерлерінің мінез-құлқының сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

 

1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын (бұдан әрі – стандарт) бекітсін.

2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері стандарттың сақталуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.

 

       Директор                                                                                              С. Тәукелов 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Облыстық қан орталығы»

шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік

кәсіпорны директорының 2017 жылғы «13» маусымдағы

№ 157 бұйрығымен бекітілді

 

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында қызметкерлердің мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында қызметкерлердің мінез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10 бабына сәйкес әзірленді және облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастар саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы ұсыныстар жүйесін білдіреді.
  2. Стандарт «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлерінің (бұдан әрі –орталықтың қызметкерлері) жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез құлқын қалыптастыруға арналған сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік ахуалына жету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың тигізетін теріс әсерлерін алдын алу болып табылады.
  3. Стандарттардың принциптері:

1)    заңдылық;

2)    транспаренттілік;

3)    әдептілік;

4)    жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерден қорғау;

5)    мүдделер қақтығысын болдырмау болып табылады.

  1. Орталықтың қызметкерлері лауазымдық өкілеттіктерiн атқару кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бiрлестiктер мен олардың органдарының шешiмдерiне байланысты болмайды.
  2.  Орталықтың қызметкерлері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында (оның ішінде еңбек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, мемлекеттік қызмет туралы):

1)       жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде қамтамасыз етеді:

азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдалық көрiнiстерiне жол бермеу;

азаматтардың құқықтарын iске асырудың және олардың заңды мүдделерiн қамтамасыз етудiң ең қысқа мерзiмi;

 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге;

көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

жол бермеу:

азаматтың өтiнiшiн қарауды мәселенiң объективтi шешiлуiне мүдделi емес деп ойлауға негiз бар адамға жүктеу жағдайларына жол берiлмеуi көзделуге тиiс.

шағымды берген немесе шағымда мүддесi көзделген адамға зияны тиетiндей етiп шағымның өңiн айналдыруға;

өтiнiште iс-әрекеттерiне шағым айтылған лауазымды адамдарға өтiнiштi жiберуге;

 азаматтардың жеке өмiрi, жеке және отбасылық құпиялары туралы мәлiметтердi олардың келiсiмiнсiз жария ету мүмкiндiгiне;

 азаматтың өтiнiшке қатысы жоқ жеке басы туралы деректердi анықтауға жол берiлмеуге тиiс.

2) өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдауды қамтамасыз ету:

барлық құрылымдық бөлімшелер мен мемлекеттiң лауазымды адамдары құзыреттерiнiң ара-жiгін айқын межелеу және олардың келісе отырып жұмыс iстеуi;

лауазымдық өкілеттіктерді атқаруға қатысы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен нұсқаулар шығаруына жол бермеу;

кадрларды туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеу;

меритократия қағидаттарын сақтау;

  қабылданатын шешiмдердiң заңдылығы үшiн жеке жауапты болады.

3) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде қамтамасыз етеді:

нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау жөнiндегi құзыретi Қазақстан Республикасының заңнамасында тiкелей көзделген жағдайларда ғана осы актiнi қабылдауына жол берiледi.

азаматтардың құқықтарын iске асыру жөнiндегі шешiмнiң жобасы келiсiлетiн орындардың ең аз саны;

4) күнделікті қызметте:

мемлекттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға;

жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға;

мемлекеттiк билiктiң беделiн қолдау мен Қазақстан Республикасының беделiн түсiретiн және мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қайшы келетiн iс-әрекеттерге жол бермеу, соның iшiнде сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру, мемлекеттiк қызметшiлер үшiн заңдарда белгіленген тыйымдар мен шектеулердi қатаң сақтауын қамтамасыз ету;

өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін және соған негізделген беделін жеке басының, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға алып келуі мүмкін әрекеттерді болғызбауға жол бермейді;

                   өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізу;

                   қажет болған жағдайда тура немесе тікелей басшы назарына туындаған мүдделердің жанжалы туралы, қызметтік міндеттерін орындауда жеке мүдделілік туралы, сыбайлас жемқорлық іс-қимылға және сыйлық алуға көндіру туралы мән-жайды мәлімдеу;

                   әділ қызметтік шешім қабылдауына әсер ете алатын қарым-қатынастардың бекітілген тәртібін бұзатын заңсыз өтініштер мен әріптестерге және басшылыққа жүгінуден тартыну;

                   қызметтік өкілеттіктерді орындаумен байланысты сыйлықтарды қабылдамау және сыйламау;

                   мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбайды;

                   қызметтен бас тарту, егер ол жақын туысытқ қатынастарда тұрған тұлғаларға (ата-анасы, ерлі-зайыптылар, аға-інілері, балалары) тікелей бағыныштығымен немесе басқарылуымен байланысты болса);

                   сыбайлас жемқорлыққа күресте, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарда ашуда белсенділік таныту;

                   орындауға алған өкімнің заңдылығы бойынша күмән туса, тікелей басшыға жазбаша түрде хабардар ету;

                   құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттердің мәдениетін сақтауды талап ету;

                   үнемі негізде мүдделер жанжалының, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және олардың салдарынан пайда болуы мүмкін себептерін және жағдайларын жою бойынша шаралар қолдану;

                   қызметтік тәртіпті және қызметтік этиканы сақтайды;

                   басшылыққа қатысты жеке берілгендікке, олардың қызметтік мүмкіндіктері есебінен пайда және артықшылықтар алуға ұмтылуға жол бермеуге тиіс;

   өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін  азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауаптылықта болады;

  1. Басшы:

өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгісі болуға;

басшылықты жеке-дара өкiмшiлiк қызмет жолымен жүзеге асырады және қабылданатын шешiмдердiң заңдылығы үшiн жеке жауапты болады.

 қарамағындағы қызметкерлерден олардың қызметтік өкілеттіктерінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуді;

 қызметтік міндеттерін орындау барысында қарамағындағы қызметкер арасында туындаған мүдделер жанжалын реттеу бойынша жеткілікті шаралар қолдану;

сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша  жеткілікті шараларды қолдану және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол берген себеп және жағдайларды жою;

қарамағындағылармен  құмар ойындарға қатысудан аулақ жүру;

қарамағындағы қызметкерлердің арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың жай-күйіне және олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауына жол бермеуіне дербес жауап береді. 

 

Мақалың шыққан күні: 14.06.2017 09:21

Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.01.2018 15:17

Государственные символы
Акорда
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
«БЖЗҚ» АҚ
Antikor
Премьер
egov
Әділет
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы 2011-2015 жж.
banner_anticorruption_rus
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ
4 fms_rus
A- A A+