Донор болу қауіпсіз пе? АҚТҚ жұқтыруға бола ма?
Донор болу қауіпсіз пе? АҚТҚ жұқтыруға бола ма?
✅ Донор болу - қауіпсіз!
Қан мен плазманы тапсыру АИТВ жұқтыру қаупін тудырмайды. Барлық рәсімдер зарарсыздандырылған бір реттік құрал-саймандарды пайдалана отырып және қауіпсіздіктің қатаң ережелерін сақтай отырып жүргізіледі.
🔍 Көп деңгейлі қорғау жүйесіне мыналар кіреді:
📝 Ақпараттық базалар бойынша тексеруді
📋 құпия сауалнама толтыру
👩⚕️терапевт дәрігердің қарауы
⚙️ заманауи әрі қауіпсіз жабдықта қан дайындау
🧪 Әрбір донация халықаралық стандарттар бойынша екі кезеңді зертханалық бақылаудан өтеді. Зерттеулер толық автоматтандырылған анализаторларда орындалады, бұл адам факторын болдырмайды.
🔐 Қосымша мынадай әдістер қолданылады:
* карантиндеу
* вирустазарту
* лейкофильтрлеу
🧬 АИТВ-ға тестілеу - міндетті
Барлық донорлар АИТВ-ға тексеруден өтеді. Плазма 4 айдан кейін қайта талдаудан кейін ғана пайдаланылады, бұл «серологиялық терезені» толығымен болдырмайды.
💙 Донорлық - бұл қауіпсіз, жауапты және өмір үшін аса маңызды.
Басқаларға көмектесуді таңдаған әрбір жанға алғысымыз шексіз! 🙌 🩸
16.01.2026
Қараулар: 206


















