«Таза Қазақстан» акциясы — таза қала үшін бірге!
«Таза Қазақстан» акциясы — таза қала үшін бірге!
11 қазанда Қан орталығының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті бастамашы болған республикалық «Таза Қазақстан» акциясына қатысты.
Осы күні Қан орталығының ұжымы бекітілген аумақты тазалауға шығып, тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыс жинап, сүйікті Петропавл қаласының көркейуіне өз үлесін қосты.
Мұндай іс-шаралар қаланы тек таза әрі жайлы етіп қана қоймай, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін де қалыптастырады.
Біз еліміздің түкпір-түкпіріндегі адамдарды бір мақсат — таза әрі көрікті Қазақстан үшін біріктіретін игі істің бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз!
12.10.2025
Қараулар: 58