Халқымыздың күш-қуаты, мақтанышы және бірлігінің символы – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Құрметті достар!
Халқымыздың күш-қуаты, мақтанышы және бірлігінің символы – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын! Біз сіздермен бірге мейірімділік пен өзара көмекке негізделген қоғамдастық құрып жатқанымызды мақтан тұтамыз. Сіздің донорлық жарналарыңыздың әрқайсысы жай ғана көмек емес, бұл өмірді құтқаратын және тағдырларды өзгертетін нағыз ерлік. Бұл атаулы күн жүректеріңізді қуанышқа, жылулық пен үмітке толтырсын! Сіздерге бейбітшілік, амандық және зор денсаулық тілейміз.
Бізбен бірге болғандарыңызға рахмет!
Жылулық пен құрметпен,
«Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК ұжымы
16.12.2024
Қараулар: 57