«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау
басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Коммунальное государственное предприятие на праве
хозяйственного ведения «Областной центр крови»
коммунального государственного учреждения «Управление
здравоохранения акимата Северо-Казахстанской области»

Қан тапсыр да, өмірді құтқар!

Жұмыс тәртібі: Дс-Жм 08:00-ден 17:00-ге дейін
Донорларды қабылдау:

Дс-Жм сағат 08:00-ден 13:00-ге дейін, Сн-Жс — демалыс

Қабылдау бөлімі: 8(7152)46-57-97
Қан орталығының тіркеу орны: 8(7152)46-75-86
Медициналық қызметтерді тұтынушыларды қолдау қызметі: 8(7152)46-08-35

E-mail: Blood_zdrav@sqo.gov.kz
Петропавл қаласы,  Театральная көшесі, 56

O (I) A (II) B (III) AB (IV)
Rh+ Rh- Rh+ Rh- Rh+ Rh- Rh+ Rh-
 
Берілген топтағы қанның қоры және резус факторы жеткілікті мөлшерде.
 
Қанның қоры жеткіліксіз, толтыру үшін келу қажет.
 
Қан қоры ең төмен шекке жетті.

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Қан орталығының тарихы

 

Петропавл қаласында қан қызметінің даму тарихы

Петропавл қаласында қан қызметінің даму тарихы 1965 жылдан басталады.

Алғашқыда бұл шағын ғимарат облыстық аурухана жанында болатын.

 

Қан құю станциясының бірінші бас дәрігері Н.И.Пингин болған.(1965-1985ж.ж.).

1981 жылы Облыстық қан құю станциясы көлемі 888 шаршы метр  жаңа ғимаратқа ие болды.

 

     Дәрігерлер - Н.И.Табачук, Е.С.Гайд, Р.Ә.Жетпісова, О.С.Стихина, Н.А.Бородина, зертханашылар мен мейірбикелер -  Д.В.Чиликина, Н.И.Данченко, Л.Н.Ромазанова, Н.А.Чистякова, инженер -  В.П.ПшеничниковО сияқты жандардан құралған жігерлі ұжым.

Б    Облыстық қан құю станциясында (ОҚҚС) негізгі құрылымдық бөлімшелерде жұмыс істей бастады:

  • донорлық кадрларды жинақтау бөлімшесі;
  • қан дайындау және қайта өңдеу бөлімшесі;
  • клиника- биохимиялық зертхана;
  • стандарттық сарысу бөлімшесі;
  • биопрепараттардың кептіру бөлімі;
  • бактериологиялық зертхана.

 

1985 жылдан бастап 2010 жылға дейін Облыстық қан орталығында С.Б.Қоспанов басшылық етті.

80-інші жылдан бастап 90-ыншы жылға дейінгі кезеңде Солтүстік Қазақстан облысында ОҚҚС өзінің қызметін ЕАҰ-да қан қызмет жұмысы мен жабдықтауды жақсарту және қан құю бөлімшелері  жүйесін әрі қарай дамыту бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл қан құю бөлімшелерінің жұмысына жоспарлы түрде жетекшілік ету, трансфузиология негіздері меңгерілетін  семинарлар ұйымдастыру.

 

1987 жылдан донорлық қан қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ИФТ зертханасы жұмыс істей бастайды. Иммунологиялық зерттеулер жүргізгенде эритротесттер «цоликлондар» қолданылады. 1989 жылдан қос  плазмаферез  әдісі енгізілді.

90-шы жылғы қиындықтарға қарамастан ОҚҚС ұжымы өздерінің өмірге икемділігін және алға ұмтылысын сақтауда.

1991 жылы ОҚҚС-на І санат берілді. Бұқаралық тегін донорлық жоғарғы жетіп отырғандықтан, ОҚҚС қызметкерлерінен зор күш, аянбай беріліп жұмыс істеу талап етіледі.  

 

1994 жылдың 18 қараша ҚР ДСМ № 436 бұйрығы негізінде 1995 жылдан Облыстық қан құю станциясы Облыстық қан орталығы деп өзгертілді.

 

Петропавл қаласындағы ОҚО «2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында қан қызметін жетілдіру жөніндегі  шаралар туралы» Мемлекеттік Бағдарламасы кадрлар күш-қуатын арттыруда  және материалды - техникалық базаны жетілдіруде жаңа серпін  берді. Атап айтқанда, 2010 жылғы 13 ақпан заманауй әлемдік стандарты бойынша жарақталған жаңа заманға сай, мамандандырылған Облыстық қан орталық ғимараты өз есігін ашты.

 

Қан орталығында негізгі функцияға сәйкес, қан  дайындауды қамтамасыз ету және өнімнің 14 түрін шығаратын 7 құрылыс бөлімшесі дамыған. 

 

2011 жылдан бастап  «Облыстық қан орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне С.Ә.Тәукелов тағайындалды.

    2011 жылғы облыстық қан орталығының ұжымы – олар 14 дәрігер, 40 орта буынды медициналық маман, 21 кіші персонал, 49 әкімшілік-басқару, инженерлік-техникалық мамандарды және қызмет көрсетуші персоналдар қызмет атқарады.

 

Қазіргі трансфузиология - бұл, ең алдымен, трансфузиология қауіпсіздігі.

 

Компьютерлік технологиялар, бірыңғай донорлық орталық, аппараттық плазмаферез және тромбоцитоферез, қан компоненттерін лейкофильтрлеу және вирусын әсерсіздендіру, плазмаларды карантиндендіру, ИФТ және ПТР гемотрансмиссиялық жұқпалардың диагностикасы, автоматты және жартылай автоматты режимде гелдік технологияны қолдану арқылы қанды иммунологиялық фенотиптендіру,  клиника - биохимиялық зерттеулердің автоматтық анализаторлары - бұлардың барлығы  жаңа қан орталығы. 2011 жылдан бастап


          2011 жылдан бастап жылжымалы донорлық пункттің қызметі жаңғыртылып, қазіргі таңда қала мен облыс аудандарына қан компоненттерін дайындауға мүмкіндік жасайды.


            Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында қан қызметін одан әрі жетілдіру басымдықтары анықталды:

 

  • қан өнімдерінің сапасын басқару жүйесін дамыту;
  • қан мен оның компоненттерін ерікті түрде өтеусіз тапсыруды дамыту;
  • тұрақты донорларды тарту жүйесін дамыту;
  • материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру;
  •   білікті кадрларды даярлау және қайта даярлау.


          Осы міндеттерді орындауда Облыстық қан орталығының барлық ұжымдары аянбай еңбек етеді, өйткені осы еңбектін нәтижесі - мың құтқарылған емделушілердің өмірі.

 

Мақалың шыққан күні: 24.03.2017 17:37

Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.09.2023 09:50

Государственные символы
Акорда
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
«БЖЗҚ» АҚ
Antikor
Премьер
egov
Әділет
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы 2011-2015 жж.
banner_anticorruption_rus
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ
4 fms_rus
A- A A+