«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау
басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
«Облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Коммунальное государственное предприятие на праве
хозяйственного ведения «Областной центр крови»
коммунального государственного учреждения «Управление
здравоохранения акимата Северо-Казахстанской области»

Қан тапсыр да, өмірді құтқар!

Жұмыс тәртібі: Дс-Жм 08:00-ден 17:00-ге дейін
Донорларды қабылдау:

Дс-Жм сағат 08:00-ден 13:00-ге дейін, Сн-Жс — демалыс

Қабылдау бөлімі: 8(7152)46-57-97
Қан орталығының тіркеу орны: 8(7152)46-75-86
Медициналық қызметтерді тұтынушыларды қолдау қызметі: 8(7152)46-08-35

E-mail: Blood_zdrav@sqo.gov.kz
Петропавл қаласы,  Театральная көшесі, 56

O (I) A (II) B (III) AB (IV)
Rh+ Rh- Rh+ Rh- Rh+ Rh- Rh+ Rh-
 
Берілген топтағы қанның қоры және резус факторы жеткілікті мөлшерде.
 
Қанның қоры жеткіліксіз, толтыру үшін келу қажет.
 
Қан қоры ең төмен шекке жетті.

Сайтқа авторландыру

Сайтқа тіркелу

Донор болу қауіпсіз бе? Донорлық қан мен плазманы құю кезінде АИТВ жұқтырып алу мүмкін бе?

 Донор болу қауіпсіз бе? Донорлық қан мен плазманы құю кезінде АИТВ жұқтырып алу мүмкін бе?

 

Донор болу – қауіпсіз!

 

Қан тапсыру АИТВ жұқтыру тұрғысынан донор үшін ешқандай қауіп білдірмейді. Барлық манипуляциялар стерильденген медициналық құрал-саймандар мен негізгі қауіпсіздік ережелеріне сәйкес қатаң орындалады. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің 2007 жылғы ресми деректер бойынша донорлық кезінде адамдарға АИТВ инфекциясын жұқтырудың бірде-бір жағдайы тіркелмеген.

Қан қызметіндегі инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі бірқатар кешенді қорғау шараларын ұсынады. Бірінші кезеңде азаматтар донорлар мен донорлыққа жіберілмейтін тұлғалар ақпараттық дерекқоры арқылы тексеріледі. Екінші кезеңде потенциалды донорлар «қауіпті мінез-құлық» - нашақорлық тәуелділік, қорғалмаған, ретсіз жыныстық қатынастар, дәстірлі емес  жыныстық бағдарды ұсыну және тағы басқа факторларды анықтау мақсатында міндетті түрде құпия сауалнамадан өтеді. Бұдан соң потенциалды донор терапевт дәрігерге қаралуға жіберіледі. Оның барысында дәрігер сауалнаманы қарап, қосымша сұрақтар қояды.

Донорлық қан мен оның компоненттерін дайындау үшін олар мамандардың растауы бойынша қауіпсіз болып табылатын тиімді аппараттық тәсілдер қолданылады.

Қазақстанда халықаралық стандарттарға сай трансфузиялық індет маркерін анықтау мақсатында донорлық қанның екі кезеңдік скринингі жасалады.

Сонымен қатар, донорлық қанды зерттеуді толығымен автоматтандырылған құрылғыда жүргізудің талаптары нормативті түрде бекітілді. Аталған құрылғы қанның үлгілері мен реагенттерін өздігінен басқарып, тексерудің қорытындысына адами фактордың әсер етуіне жол бермейді. Сонымен қатар, медициналық ұйым жұмысына шағым түскен жағдайда төрелік зерттеулерді жүргізу мақсатында әрбір донацияның қан үлгілерін 3 жылға сақтау талабы бекітілді.

Қан орталықтарындағы автоматтандырылған ақпараттық бағдарлама зертханалық тексерулер нәтижесі болмаған жағдайда емдеу желісіне оның қауіпсіздігін растайтын қанның компоненттерін жібермейтіндей етіп жасалған.

Сондай-ақ, қанның компоненттерін қосымша өңдеу тәсілдері қолданылады – карантиндеу, вирустазарту, лейкофильтрлеу.

 

Доноларды АИТВ-ға тестілеу.

         Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, донор болғысы келетін барлық адамдар, міндетті түрде АИТВ-ға тексерілуі керек. Тексерілуден бас тартқан жағдайда ол кісі донор бола алмайды. Егер талдау үдерісінде АИТВ инфекциясы анықталса, ол адам мерзімсіз донорлықтан шеттетіледі. Донорлық қаннан плазма препараттарының қауіпсіздігіне кепілдік беретін, арнайы жүйе жүзеге асырылған. АИТВ-ға бастапқы тексерілгеннен кейін донор алты ай бойы бақыланып отырады, одан әрі АИТВ-ға тесті қайталанады. Бұл тексеру кезінде қандағы бар вирусты айқындай алмағанда, «серологиялық терезе» мерзімін алып тастау үшін жасалады.  Қайталап тексергенге дейін донор плазмасы арнайы бөлмеде сақталады. Егер АИТВ-ға қайталап алынған талдау теріс болса ғана, плазманың бірінші порциясы клиникалық практикада қолданылуы мүмкін. Донорлардың нәтижелерінің максималдық сенімділігіне жету үшін, ең сапалы заманауи тест-жүйелермен тестіленеді.

Донор қанын зерттеу.

 

 Әрбір тапсырылған қан дозасы келесідегідей зерттеледі:

  • (АВ0, Rh- және Kell)  жүйелері бойынша қан топтарын анықтайды;
  • эритроциттерге антидене барына және В гепатиті, С гепатиті, мерез және АИТВ-1,2 гемотрансмиссивтік инфекция маркерлерінің барына тестілеу.

Бастапқы донорда АВ0 жүйесі бойынша қан тобын, медтексерілу барысында анықтау экспресс-әдісімен жүргізілетін болғандықтан және артынан зертханада тексерілетіндіктен, бірінші рет келгенде анықтайды. Қан тапсырар алдында донордың саусағынан алынған қан тамшысында, сондай-ақ гемоглобин деңгейі де анықталады.  

          Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және пайдалануға рұқсат етілген әрбір тапсырылған қан дозасы үшін қан қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында келесі талдау әдістері жүргізеді:

1)       иммунологиялық зерттеу – иммуноферменттік талдау әдісі (ИФТ); иммунохемилюминесценттік талдау әдісі (ИХЛТ); пассивті гемагглютинация әдісі (РПГА); иммуноблотинг әдісі (ИБ);

2)       молекулярлық-биологиялық зерттеу – полимер түрлі тізбекті реакция (ПТР).

Донорлық қан үлгілерін АИТВ1,2, ВВГ, СВГ, мерезге зертханалық зерттеу жабық үлгідегі автоматты талдауыштарда екі кезеңмен іске асырылады:
        I кезең – АИТВ 1,2, ВВГ, СВГ, мерез маркерлерінің бар болуына ИФТ және ИХЛТ әдістерімен иммунологиялық зерттеу;   

          II кезең – донорлық қан үлгілерін РНК АИТВ1,2, СВГ және ДНК ВВГ бар болуына молекулярлық-биологиялық зерттеу ПТР әдісімен І кезеңдегі теріс нәтиже болғанда жүргізіледі.

           Донорлық қан компонентінің инфекциялық қауіпсіздігі туралы нәтижені шұғыл алудың қажеттілігінде иммунологиялық және молекулярлық-биологиялық зерттеулерді қатары жүргізуге жол беріледі.
      Иммунологиялық және молекулярлық-биологиялық зерттеулерді жүргізгенде теріс нәтижені алу донорлар қаны зерттелген инфекцияларға қатысты инфекцияланған емес деп есептеуге негіз болады.

  ВВГ, СВГ, мерез, АИТВ маркерлерінің бар болуына алғашқы оң донорлық қан үлгілерін қайталама және растау зерттегеннен кейін теріс нәтижені алғанда донор қанды донациялаудан одан арғы иммунологиялық және молекулярлық-биологиялық зерттеумен 6 ай мерзіміне шеттетіледі.

 Қан компоненттері алғашқы скринингінің күмәнді немесе оң нәтижелерін алғаннан кейін алғашқы үш тәуліктің ішінде жойылады.

Осы мерзім аяқталғаннан кейін донор қайта келген кезде ол донорлыққа бақылауыш талдау нәтижелері теріс болғанда ғана жіберіледі.

6 айдан кейін серологиялық бақылау кезінде инфекция маркерлеріне белгісіз немесе оң нәтижелер алған жағдайда донор донорлықтан мерзімсіз шеттетіледі.

          ВВГ, СВГ, және мерез маркерлерінің бар болуына қайталама және растау зерттеуде оң нәтиже алғанда, перифериялық қанның гемопоэздік дің жасушалары донорларын қоспағанда, донорлық қан үлгісі инфекция жұқтырған деп танылады, донорлық қан компоненттері жойылады, донор мерзімсіз шеттетіледі.

          АИТВ антиденелерінің бар болуына қайталама және растау зерттеуде оң нәтиже алғанда қан компоненттері жойылады, донор ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы зертханасынан нәтиже алынғанша донорлықтан шеттетіледі. ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы зертханасынан оң нәтижені алған кезде донор донорлықтан мерзімсіз, теріс нәтижені алғанда – 6 айға шеттетіледі. Донор осы мерзім аяқталғаннан кейін қайта келгенде донорлыққа жіберу бақылауыш талдаудың теріс нәтижесін алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

            Қан орталықтары донорлық қанның АИТВ инфекциясына бірінші оң нәтижелі скринингтік қорытындысын алған соң, қан үлгілерін облыстық және қалалық ЖИТС орталықтарына жібереді. ЖИТС ОО нәтижесі айқындалған сұраныс бойынша қан орталықтары әрбір донор туралы эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу үшін ақпарат жібереді. Індет жұқтырған донорлардан алынатын барлық қан компоненттері жойылып, зарарсыздандырылады. Әрбір АИТВ инфекциясы анықталған жағдайда ақпарат ресми түрде барлық өңірлік қан орталықтарына жіберіледі. Індетті жұқтырған адамдар туралы мәлімет донорлықтан өмір бойына шеттету үшін жасалған донорлар ақпараттық дерекқорына енгізіледі.

            Ақпарат медициналық этика ережелерін және құпияны сақтай отырып беріледі.

 Қан үлгілерін сақтау рұқсат етілетін қол жеткізімді үймаратында және биологиялық қауіпсіздік шараларын сақтап жүзеге асырылады. Сақтау мерзімі біткеннен кейін жою актісінің негізінде қан үлгілерін жою жүргізіледі.

  

«Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК эпидемиолог-дәрігері Т.Д.Сартаев

10.05.2018

Қараулар: 5364

coronavirus
Государственные символы
Акорда
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
«БЖЗҚ» АҚ
Antikor
Премьер
egov
Әділет
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы 2011-2015 жж.
banner_anticorruption_rus
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ
4 fms_rus
A- A A+