22.10.21ж. «Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерей тойы!»
22 қазан «Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерей тойы!» - шара өткізілді.
«Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерей тойы!» - атты бейнеролик ұсынылды.
Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтау, құрмет тұту, үлгі алу. Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен
таныстырылды.
Алтынсарин бай шығармашылық мұра қалдырды: лирикалық өлеңдер, қазақ даласының табиғаты және оның айтылмас байлығы туралы әңгімелер, сол кездегі өмірдің әр түрлі жақтары туралы публицистикалық жазбалар. Бұл этнография тақырыбындағы очерктер және экономикалық, әлеуметтік-саяси мәселелерге арналған жазбалар.
Ы. Алтынсарин көптеген өлеңдерді жазған ақын. Өз шығармаларында отанын, халқын сүюге, оқып білім алуға шақырды, оқу- білімнің, қараңғылықтың мән- жайын ашып берді. Сондай өлеңдерінің бірі- «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Мал дәулеттің байлығы,
Бір жұтасаң жоқ болар,
Оқымыстың байлығы,
Күннен- күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ болар.
Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерей тойы (PPTX 4651 Kb)
22.10.2021
Қараулар: 3104